Жарнама
Жарнама

Вячеслав Посмак: «Қазақстан құрамасының ойыншылары бір-бірін жақсы түсінеді»

23.03.2022, 23:36
Футболшы Қазақстанның соңғы матчтарын тамашалаған екен.
Жарнама
Жарнама

Молдова құрамасының қорғаушысы Вячеслав Посмак Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Қазақстанмен болатын матч жайлы ойымен бөлісті:

- Бас бапкер атап өткендей, барлық ойыншылар командаға қосылып, жаттығу жасауда. Кеше жалпы топпен дайындалдық. Бұл ойында біздің команда өзіміз ойнай алатын ең жақсы футболды көрсетеді деп сенеміз. Әркімнің көкейі мен жүрегінде оң нәтижеге қол жеткізіп, екі ойыннан кейін С лигасында қалуымыз керек деген ой бар. Жетістікке жетеміз деп сенемін және әрқайсымыз алаңда бар күшімізді салатын боламыз

- Қарсылас туралы не айта аласыз?

- Жақсы команда. Соңғы матчтарда олар өз алаңында жақсы ойнай алатынын көрсетті. Қателеспесем, Қазақстан Украинамен жақсы ойнады, өйткені мен бұл кездесуді көрдім. Бұл матчта олардың мотивациялары жоғары болып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бас бапкер айтқандай, біз өз футболымызды ойнасақ, бәрі жақсы болады.

- Біздің командада Қазақстан құрамасынан гөрі шетелде ойнайтын ойыншылар әлдеқайда көп. Бұл біздің артықшылығымыз ба?

- Бұл аса үлкен артықшылық емес. Бас бапкер айтқандай, олардың көптеген ойыншылары жергілікті чемпионатта өнер көрсеткендіктен, бір-бірін жақсы таниды. Олар өздерінің ең жақсы қасиеттерін біледі, кімнің қайда жүретінін және не істеу керектігін біледі. Бізде бәрі шетелде ойнайды, мүмкін бұл артықшылық шығар, әртүрлі жылдамдық, футбол және әртүрлі көзқарас бар. Бірақ ұлттық құрамаға келгенде бапкеріміздің талаптарын орындаймыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров