Жарнама
Жарнама

XXI ғасырдың ең үздік командасы белгілі болды

28.12.2020, 16:16
Екінші орындағы мысырлық клубтан төрт пайызға озып кетті.
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" Globe Soccer тұжырымы бойынша ХХІ ғасырдың ең үздік футбол клубы деп танылды.

Испаниялық клуб 36% дауысқа ие болды. Екінші орында мысырлық "Аль-Ахли" иемденді (32%). "Барселона" 18% дауыс жинаса, "Бавария" 14% дауыспен төртінші орынға ие болды.

"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски "Жылдың үздік футболшысы" сыйлығын жеңіп алды. Жылдың үздік бапкері атағына "Баварияның" бас жаттықтырушысы Ханс-Дитер Флик ие болды, ғасырдың жаттықтырушысы - "Манчестер Ситидің" тәлімгері Хосеп Гвардиола деп танылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров