"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола Globe Soccer нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың ең үздік жаттықтырушысы деп танылды.
Globe Soccer веб-сайтындағы дауыс беру кезінде Гвардиола 34% жинаған, ол "Реал Мадридтің" бас бапкері Зинедин Зиданнан 4%-ға озып кетті. Қалған екі үміткер - "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы тәлімгері Алекс Фергюсон (27%) және "Тоттенхэм" клубының бас бапкері Жозе Моуринью (8%) тиісінше үшінші-төртінші орынға жайғасты.
Желтоқсан айында Англия Премьер-лигасының 11-турында "Фулхэммен" (2:0) өткен матчта Хосеп Гвардиола бапкер ретінде 700-ші матчын өткізді. Осы 700 кездесу барысында Гвардиола 507 рет жеңіске жетіп, 111 тең ойын өткізген және 82 жеңілісі бар. Бұл кездесулерде оның командалары 1766 гол соғып, 573 рет өз қақпасына гол жіберіп алған.
Испаниялық маман "Манчестер Ситиден" басқа "Барселона В" мен "Барселонаны", сондай-ақ Мюнхеннің "Бавариясын" жаттықтырды.
Біздің серіктес: FONBET