Жарнама
Жарнама

Ян Облак «Атлетико Мадрид» клубының тарихына енді

30.11.2020, 01:58
Командадағы құрғақ матч саны бойынша бірінші орынға шықты.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік "Атлетико" Ла Лиганың 11-турында "Валенсияны" 1:0 есебімен жеңді. Команданың словениялық қақпашысы Ян Облак негізгі құрамда шықты, осылайша ол Испания чемпионатындағы 200-ші ойынын өткізді.

Алдыңғы 199 ойынның 111-інде қақпасына гол жібермеді. Облак - "Атлетико Мадрид" тарихындағы Испания чемпионатында 200 ойынға қатысқан екінші қақпашы атанды. Біріншісі - Абель Ресино (243 матч, 94 құрғақ ойын),

"Атлетико" 9 матчта 23 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. "Валенсия" (12 ұпай) - 10 орында, команда 11 матч өткізді. Турнирдің көшбасшысы - "Реал Сосьедад" (23 ұпай).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров