Жарнама
Жарнама

Ян Вороговский: «Әзербайжанмен алғашқы ойынымыз қиынға соқты»

25.09.2022, 01:08
Ян ертеңгі матчта босаңсымай, жеңіс үшін ойнайтынын мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский баспасөз мәслихатына қатысып, Әзербайжанмен болатын матч туралы ойын ортаға салды: 

- Осында келгендердің бәрі турнирдегі мақсатымызға жеткенімізге қарамастан ертеңгі ойында бар күшін салатын болады. Ұлттық құраманың жейдесін кигендіктен ешқандай да босаңсу болмайды. Әзербайжан - мықты команда, олармен өткізген алғашқы ойынымыз қиынға соқты, ертең де оңай болмайын деп тұр. Бірақ қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды саламыз. 

- Қазақстан құрамасы топтық кезеңде мерзімінен бұрын бірінші орынды иеленді. Бұл ертең команданың шабуылға көп көңіл бөлетінін білдіре ме?

- Жігіттер ұйымдасқан түрде ойнайды. Ия, бізге ешқандай қысым болмайтыны рас. Бірақ соңына дейін күресіп, бас бапкердің осы ойынға арналған жоспарын орындауға тырысамыз. Әзербайжанның оңай қарсылас емес екенін алғашқы матчта байқадық. 

- Әзербайжан Словакияны ұтып, Қазақстанға көмектескендей болып еді, бірақ сіздер Беларусьті жеңіп бірінші орынға табан тіредіңіздер...

- Әзербайжанның Словакияны жеңуі мен үшін тосынсый болмады. Команда қазір бабында тұр. "Қарабақ" секілді клубтары еурокубокте өнер көрсетуде. Біз барлық қарсыласты құрметтейміз, басқалардың да бізге құрметпен қарағанын қалаймыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров