Жарнама
Жарнама

Ян Вороговский мансабын Ресейде жалғастырады

03.06.2021, 17:33
Футболшының «Беерсхот» клубымен келісім-шарты аяқталған.
Жарнама
Жарнама

24 жастағы қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский жақын арада ресейлік "Уралмен" келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". Футболшы жаңа клубына еркін агент ретінде қосылады.

Ян Вороговский "Беерсхот" клубына 2019 жылдың маусым айында қосылды. Осы уақыт ішінде ол бельгиялық команда сапында 43 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Ян - Алматы футбол мектебінің түлегі. Қазақстанда ол "Ақ-Бұлақ", "Жетісу-Сұңқар", "Қайсар" және "Қайрат" командаларында ойнады.

"Урал" Ресей Премьер-лигасының соңғы маусымында 12-орынға ие болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров