Жарнама
Жарнама

Ян Вороговский Марат Быстровтың командасына ауысуы мүмкін

27.06.2021, 22:48
Бұған дейін футболшының «Уралға» ауысатыны хабарланған еді.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Ресей Премьер-лигасында ойнайтын "Ахмат" клубымен бірге жаттығуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оның "Уралға" ауысуы мүмкін екендігі хабарланған еді, бірақ клубтың медициналық штабы медициналық тексерістің нәтижелеріне қанағаттанбаған болатын.

Вороговский - Алматы футбол мектебінің түлегі. Қазақстанда ол "Ақ-Бұлақ", "Жетісу-Сұңқар", "Қайсар" және "Қайрат" командаларында ойнады.

2019 жылдың маусымынан бастап ол бельгиялық "Беерсхотта" өнер көрсетті, онда 43 матч өткізіп, екі гол соқты, бір голдық пас берді.

Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір қорғаушысы Марат Быстровтың да "Ахматта" ойнайтынын айта кеткен жөн.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров