Жарнама
Жарнама

Яцек Гуральский «Қайраттан» кетті

16.06.2022, 21:50
Польшалық футболшы мансабын Германияда жалғастырмақ.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубы, Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский алматылық клубтан кеткенін хабарлайды.

«Сәлем «Қайрат» жанкүйерлері. Көрсеткен қолдауларыңызға рахмет айтқым келеді. Мен бұл командада болғаныма өте қуаныштымын. Келесі ойындарыңа сәттілік тілеймін!» - деді Гуральский.

Яцек «Қайрат» клубына 2020 жылы қаңтар айында қосылды. Сол уақыттан бері Польша құрамасының жартылай қорғаушысы 37 матчқа, соның ішінде УЕФА Конференция Лигасы аясында 4 ойын өткізді.

2020 жылы Гуральский «Қайрат» сапында Қазақстан біріншілігін жеңіп алды, ал бір жыл өткен соң ел Кубогінің иегері атанған болатын.

Бұған дейін Яцектің мансабын Германияда жалғастыратыны туралы ақпараттар тарап еді. Польшалық футболшының Бундеслигадағы «Бохум» клубына ауыспақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров