Жарнама
Жарнама

Яцек Гуральскийдің алаңға қашан оралатыны белгілі болды

18.09.2021, 14:56
Футболшы дәл қазіргі сәтте командасына көмектесуге дайын екен.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайраттың» польшалық жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский алаңға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Przeglad Sportowy порталы:

- Алаңға оралу туралы сұраққа келер болсақ, тағы біраз күту керек. Мен кіммен сөйлессем де: «Қашан? Қашан? Қашан?» деген сөзді естимін. Мен екі аптадан бері жаттығудамын. Одан кейін жеке жаттығуларға кірістім, ал осы аптада командамен жұмыс жасай бастадым. Мен абайлап дайындалудамын, бірақ жексенбіден кейін максималды түрде жаттығуды бастаймын деп ойлаймын.

Басында мен ойынның соңғы 15-20 минутына ғана шығатын шығармын. Меніңше, екі аптадан кейін матчқа қатыса аламын. Мен өзімді толық дайын және сау сезінемін, бірақ бәрі менен асықпауымды сұрауда. Мен дәл қазір ойнағым келеді. Оған «Қайраттың» жаттықтырушысы және ойыншылары куә», - деді польшалық футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров