Forbes тізімінде Қазақстанның ең беделді 50 кәсіпкерінің қатарына кіретін Дінмұхамед Ыдырысов Түркістан ұжымын сатып алу жайында шешім қабылдапты.
2026 жылғы жағдай бойынша әл-ауқат деңгейі 563 млн долларды құрайтын Дінмұхамед Ыдырысов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, “Тұран” клубын жекешелендіруге өтінім беріпті. Арыстың тумасы өткен маусымда Премьерден ұшып кеткен түркістан ұжымындағы қаржылық тұрақтылықтың артуына, жобаның жаңа кезеңге өтуіне, сондай-ақ басқару жүйесі мен даму стратегиясында өзгерістер болуына жауап беретін болады.
Әзірге тараптар ресми келісімге келген жоқ. Бірақ Дінмұхамед Ыдырысовтың басшылық қызметке келуі ықтималдығы өте жоғары.
Айтпақшы, күні бүгін “Тұран” командасы тізгінін Виктор Кумыков ұстады. Ресейлік маман өткен маусымда “Қайсар” командасын легионерлерсіз Премьерде орнын сақтап қалған еді.
Біздің серіктес: FONBET