Жарнама
Жарнама

Юрген Клопп аты аңызға айналған Кенни Далглиштің рекордын жаңартты

26.10.2021, 00:45
Кеше Клопп «Ливерпуль» сапында мерейтойлы матчын өткізді.
Жарнама
Жарнама

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп мерсисайдтық клубпен бірге 200-ші жеңісіне қол жеткізді. Мерейтойлық жеңіс Премьер-лиганың 9-турында «Манчестер Юнайтедпен» болған матчта (5:0) орын алды.

200 жеңіске жету үшін неміс маманына бар болғаны 331 кездесу қажет болды. Бұған дейін ешкім мұндай көрсеткішке тез жете алмаған. Рекорд 333 кездесуде 200 рет жеңіске жеткен Кенни Далглишке тиесілі еді. Ал үшінші орында Боб Пэйсли (345 матч) тұр.

«Ливерпуль» 9 турда 21 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде екінші орында келеді. «Манчестер Юнайтед» 14 ұпаймен 7-орында тұр. «Қызыл сойқандар» Премьер-лиганың соңғы төрт матчында жеңіске жете алмауда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров