Жарнама
Жарнама

Юрген Клопп: "Қазір 3 ойыншы ауыр жарақат алып, қатардан шығып қалды"

08.12.2019, 00:15
Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль" бас бапкері Юрген Клопп қысқы трансферлік кезеңге байланысты ойымен бөлісті деп хабарлайды Liverpool Echo.

"Қыста құрамды күшейту үшін орталық шабуылшы алуымыз әбден мүмкін. Өйткені, Риан Брустерді жалға беруіміз ықтимал. Біз бір ойыншыны жайдан-жай бере салғымыз келіп тұрған жоқ. Мен қазіргі құрамды ұзақ жасақтап, нәтиже көрсеткім келеді. Оның үстіне ауыр жарақаттарына байланысты 3 ойыншы командаға көмектесе алмайды. Яғни, менің қарамағымда жас футболшыларды қосқанда 16 ойыншы бар деген сөз. Егер Риан шынымен басқа ұжымға ауысатын болса, қазірден бастап қамдана берегн жөн", - дейді бас бапкер.

"Ливерпуль" 15 турдан кейін 43 ұпаймен көш басында келе жатыр. Екінші сатыға жайғасқан "Лестерден" 8 ұпайы артық.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров