Қазақстан Ұлттық құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны 7-11 тамыз аралығында Талғарда өтеді.
Қақпашылар: Бойченко С. (Ордабасы), Покатилов С. (Ақтөбе), Сидельников А. (Ордабасы)
Қорғаушылар: Әділханов Т. (Жетісу), Малый С. (Ордабасы), Айтбаев Б. (Атырау), Аслан Р. (Тобыл), Логвиненко Ю. (Ақтөбе), Рудосельский Т. (Қайрат), Сартаков Г. (Ертіс), Сүйімбаев Г. (Ордабасы), Чичулин А. (Атырау), Шайхов Б. (Ертіс)
Жартылай қорғаушылар: Әйімбетов А. (Ақтөбе), Дарабаев А. (Қайрат),Досмағамбетов Т. (Тараз), Жалмұқан Д. (Ақтөбе), Жұмаханов С. (Тараз), Қуат И. (Қайрат), Көкеев Ж. (Қайрат), Мұртазаев Р. (Шахтер), Сариев Р. (Ордабасы), Смақов С. (Ертіс), Тағыберген А. (Ақтөбе)
Шабуылшылар: Жаңғылышбай Т. (Қайрат), Гридин С. (Оқжетпес), Хижниченко С. (Ақтөбе)
Резерв: Қожамберді Ж. (Астана), Тұңғышбаев Е. (Ордабасы), Щеткин А. (Астана)
Оқу-жаттығу жиынына ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының бірқатары шақырылмады. Юрий Красножан еурокубок ойынына қатысып жатқан екі клубтың ойыншыларын шақырмауды жөн санаған.
- Елордалық «Астана» мен алматылық «Қайраттың» еурокубоктағы маңызды ойындары ескерілді. Олардың Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу мүмкіндіктері бар. Сол себепті негізгі құрамда ойнап жүрген ойыншылар шақырылмады. Оқу-жаттығу жиынына жас футболшылар шақырылды. Олар Қазақстан Ұлттық құрамасы жаттықтырушылар штабының талабына дағдылануы тиіс, - деп түсіндірді футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан.
Айта кетейік, 28 тамыз күні Қазақстан Ұлттық құрамасы тағы да Талғарда жиналады. Ал, 4 қыркүйек күні Прагада 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Чехия құрамасымен ойнайды.