«Ақтөбе» футбол клубының жəне Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненко Ресей Премьер-Лигасында өнер көрсететін клубтарға ауысуы мүмкін еді.
Ақ-қызылдылардың 27-жасар капитаны махачкалалық «Анжи» жəне сарандық «Мордовия» футбол командаларымен келіссөздер жүргізген. Əзірше Логвиненко бұл клубтармен келісімге келген жоқ. Бірақ футболшы Қазақстан Премьер-Лигасынан бəрібір кетеді деген қауесет бар.
Батыс-қазақстандық «Ақтөбе» футбол клубының басшылығы өздерінің басты футболшысын сақтап қалу үшін қолдан келгенін жасауда. Юрий Логвиненко командамен бірге Түркияда өтетін бірінші шет елдегі оқу-жаттығу жиынына барады, алайда оның «Ақтөбедегі» болашағы белгісіз.