Жарнама
Жарнама

Юрий Логвиненко мансабын Ресейде жалғастырады

25.01.2021, 03:00
Енді ЦСКА емес «Ротор» клубына жанкүйер болатын секілдіміз.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Астана" клубының ойыншысы Юрий Логвиненко ресейлік "Ротор" клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Логвиненко "Астанадан" еркін агент ретінде кетіп жатыр және жақын арада Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ротор" командасына келіп қосылады. Қорғаушының волгоградтық клубпен келісімшарты маусымның соңына дейін тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Логвиненко "Астана" сапында 2016 жылдан бері ойнайды, оған дейін ол "Ақтөбе" клубының намысын қорғаған. 32 жастағы қорғаушы - Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы және екі рет ел кубогының иегері.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ротор" "Астананың" үш ойыншысымен, оның ішінде қазақстандықтар Дмитрий Шомко және Алексей Щеткинмен, сондай-ақ беларуссиялық футболшы Иван Маевскиймен келісім жасасқан болатын.

"Ротор" Ресей чемпионатының ағымдағы маусымында 13-орында келе жатыр. Команданың бас жаттықтырушысы - Александр Хацкевич.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров