Жарнама
Жарнама

Юрий Логвиненко мен Сергей Малый ұлттық құрама сапында ең көп матч өткізген футболшылар қатарына енді

10.10.2021, 21:17
Сергей Малый жетінші орында тұр, ал Логвиненко Карповичті артқа тастап, төртінші орынға көтерілді.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» 33 жастағы қорғаушысы Юрий Логвиненко Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасы сапындағы 56-шы ойынын өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz сайты.

Юрий Логвиненко Қазақстан құрамасындағы дебюттік матчын 2008 жылы 23 мамырда Мәскеуде Ресей құрамасына қарсы өткізді (0:6). Ол 44-ші минутта Әли Әлиевтің орнына алаңға шығып, 80-минутта Сабырхан Ибраевқа орнын босатып берді.

Ол бүгінге дейін Қазақстан құрамасы үшін 56 матч өткізіп, 5 гол соқты.

«Тобылдың» 31 жастағы қорғаушысы Сергей Малый кеше Қазақстан құрамасындағы 50-ші ойынын өткізді.

Луганск футболының тәрбиеленушісі Сергей Малый Қазақстан құрамасында 50 матч өткізген жетінші футболшы атанды. Ол 2014 жылы 5 наурызда Литвамен болған жолдастық кездесуде Қазақстан (1:1) құрамасындағы дебютін жасады.

Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылар (1992-2021 жж):

  1. Самат Смақов - 76 матч;
  2. Руслан Балтиев - 73;
  3. Нұрбол Жұмасқалиев - 58;
  4. Юрий Логвиненко - 56;
  5. Андрей Карпович - 55;
  6. Сергей Хижниченко - 52;
  7. Сергей Малый - 50.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров