Кеше ұлттық құрамадағы 55-ші ойынын Босния мен Герцеговинаға қарсы өткізген "Ақтөбе" қорғаушысы Юрий Логвиненко команда тарихындағы ең көп матч өткізген ойыншылардың қатарына енді.
Логвиненко төртінші орынды Андрей Карповичпен бөлісіп тұр, "Қызыл-Жардың" қазіргі бапкері де елдің негізгі командасында 55 матч өткізген.
Ал үздік үштікте ұлттық құраманың экс-ойыншылары Самат Смақов (76), Руслан Балтиев (73) және Нұрбол Жұмасқалиев (58) бар.
Біздің серіктес: FONBET