Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Юрий Перцух Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ақтөбе" сапына қосылды.
Бүгін таңертең "Астана" клубының экс-жартылай қорғаушысы Юрий Перцух "Ақтөбе" орналасқан жерге келді. Бүгін кешке Юримен келісімшарт жасалатын болады.
Перцух мансабын 2014 жылы алматылық ЦСКА клубының мүшесі ретінде бастады, сол жылы оны "Бәйтерек" клубы жалға алды. 2016 жылы "Қызыл-Жар СК" клубымен келісімшартқа отырды.
2017 жылдың басында ол "Ақжайыққа" ауысып келді. 2018 жылы "Астана" клубының ойыншысы атанды. 2018 жылы Перцух Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады.
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.
Біздің серіктес: FONBET