Жарнама
Жарнама

«Ювентус» 37 жастағы шабуылшымен келіссөздер жүргізуде

07.01.2021, 01:22
Туриндік клубқа Мората мен Роналдуды ауыстырып отыратын шабуылшы керек.
Жарнама
Жарнама

"Сампдория" шабуылшысы Фабио Куальярелла мансабын "Ювентусте" жалғастыруы мүмкін. Sky Sport Italia басылымының хабарлауынша, туриндік клуб 37 жастағы футболшыны осы айда сатып алып, маусымның соңына дейін жарамды келісімшарт ұсынуды көздеп отыр. Фабио өз кезегінде келісімшарт мерзімін ұзартқысы келеді - 2022 жылдың жазына дейін.

"Сампдория" ардагер шабуылшының кетуіне кедергі жасамайды, сондықтан мәміленің тағдыры тек "Ювентус" пен ойыншы арасындағы келісімге байланысты.

Куальярелла "Ювентус" сапында 2010-2014 жылдар аралығында ойнаған, ал 2016 жылдан бастап "Сампдорияның" намысын қорғап келеді. Осы маусымда шабуылшы А сериясында 14 кездесу өткізіп, 7 гол соқты (1 пенальтиден).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров