Жарнама
Жарнама

«Ювентус» америкалық ойыншымен толықты

30.08.2020, 12:50
«Ювентуста» ойыншыны жалға алды.
Жарнама
Жарнама

«Шальке 04» командасының жартылай қорғаушысы Уэстон Маккенни «Ювентусқс» ауысты, деп хабарлайды Турин клубының баспасөз қызметі.

«Ювентус» ойыншыны жалға алғаны үшін 4,5 миллион еуро төлейді, егер жартылай қорғаушы белгілі бір нәтижеге жетсе, клуб ойыншыны 18,5 миллион еуроға сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, «Ювентус» келісім-шарт бойынша "Шальке" клубына Маккеннидің «спорттық мақсаттарына» қол жеткізгені үшін 7 миллион еуроға дейін бонус төлей алады.

2019/2020 маусымында Маккенни «Шальке 04» формасында 38 матч өткізіп, төрт гол соқты. АҚШ құрамасында ойыншы алаңға төрт рет шығып, үш гол соқты.

Ойыншыға «Ливерпуль», «Эвертон», «Ньюкасл Юнайтед» және «Вулверхэмптон», сондай-ақ Германия, Испания және Францияның аты аталмаған клубтары қызығушылық танытқаны туралы хабарланды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров