Жарнама
Жарнама

«Ювентус» «Арсенал» шабуылшысына көз тікті

19.12.2021, 03:18
Туриндік клуб шиеленісті жағдайды пайдаланғысы келеді.
Жарнама
Жарнама

«Арсеналдың» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг «Ювентустың» назарына ілікті, деп хабарлайды Tuttosport.

Ойыншы «Арсеналдың» жаттықтырушылар штабымен жанжалдасып, нәтижесінде негізгі құрамдағы орнын жоғалтты және соңғы матчтарға қатыспады. «Ювентус» осы жағдайды пайдаланып, қысқы трансфер терезесінде габондық шабуылшыны қатарға қосқысы келеді.

14 желтоқсанда лондондық клуб 32 жастағы шабуылшыны тәртіпті бұзғаны үшін капитандық мәртебеден айырған болатын.

Обамеянг осы маусымда «Арсенал» сапында 15 ойынға қатысып, 7 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров