Жарнама
Жарнама

«Ювентус» Италия чемпионатынан шеттетілуі мүмкін

11.05.2021, 04:09
Ал УЕФА басшылығы туриндік клубты еурокубок бәсекесінен шеттетуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Италия футбол федерациясының басшысы Габрэеле Гравина «Ювентус» Суперлигадан ресми түрде шықпаса, А сериясына қатыса алмайды деп мәлімдеді.

«Ережелер нақты. Егер «Ювентус» келесі маусымның басында Еуропалық Суперлиганың құрамында болса, клуб А сериясына қатыса алмайды.

Мен жанкүйерлерді аяймын, бірақ нақты ережелер бар және ол бәріне қатысты. Бұл күрес жақын арада аяқталады деп үміттенемін», - деді Гравина Sky Sports басылымына берген сұхбатында.

Суперлига деп аталатын жаңа турнирге Еуропадағы 12 клуб қатысқысы келген еді. Қазіргі уақытта «Барселона», «Реал Мадрид» пен «Ювентус» клубтарынан басқа командалардың барлығы Суперлигадан шыққанын ресми түрде жариялады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров