"Ювентус" карантиннен шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Туриндік клубтың ресми сайты. Вирустың алдын алу шарасына 61 адам қатысты.
14 қазан күні команданың жартылай қорғаушысы Уэстон Маккенни коронавирус жұқтырғаннан кейін "Ювентус" ойыншылары түгелімен оқшауланған еді. Клубтың баспасөз қызметі ережелер мен хаттамаларға сәйкес команда аурудың алдын алу шарасы бойынша оқшауланып жатқанын хабарлады. Бұл процедура ауру жұқтырмаған адамдарға үнемі жаттығулар мен матчтар өткізуге мүмкіндік берді, бірақ топтан тыс адамдармен байланысқа түсуге тыйым салынды.
Маккенниге дейін Криштиану Роналду мен "Ювентус" U23 командасының жаттықтырушысы Ламберто Дзаулиге COVID-19 диагнозы қойылған болатын. Туриндік команда А сериясындағы келесі матчты "Веронаға" қарсы өткізеді. Матч 25 қазанға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET