Массимилиано Аллегри «Ювентустың» жаңа бас бапкері атанады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
«Ювентус» соңғы бірнеше күн бойы италиялық бапкермен келіссөздер жүргізіп, бір мәмілеге келді. Аллегри «Реал Мадрид» клубымен наурыз айынан бастап тікелей байланыста болды. Ол бірнеше ай бойы «Реалдың» ұсынысын күтті, содан кейін «Ювентуске» ауысу туралы шешім қабылдады, өйткені Флорентино Перес ұзақ уақыт бойы нақты шешім қабылдай алмады.
«Интер» де Аллегриді алмақшы болған, бірақ «Ювентус» президенті Андреа Аньелли Аллегриді командаға қайтару үшін жақсы ұсыныс тастады.
Ал туриндік клубтың қазіргі бас бапкері Андреа Пирло қызметінен босатылады. Ресми хабарлама алдағы бірнеше сағат ішінде шығады деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET