Жығылғанға жұдырық, ойынға бірнеше негізгі құрамның футболшылары қатыса алмайды. Сапате, Де Шильо, Абате, Эль-Шааравилерде жарақат болса, Монталиво мен Де Йонгтың да алаңға шығу-шықпауы екіталай. Мексес пен командаға жаңадан қосылған Дестро "Ювентус-Аренада" әріптестеріне көмектесе алмайды.
Алаң иелерінен Лихштайнер алаңға шыға алмағанмен, жарақатынан айыққан Видаль негізгі құрамнан орын алады деп күтілуде. Аллегри жігіттерінің бәрі сақадай сай.
Мүмкін, өз алаңында "Милан" чемпиондарға қарсылық көрсете алар, бірақ "Ювентус-Аренада" емес. Бұл стадионның қожайындары соңғы 29 ойынның 27-ін жеңген. Еуропада ешбір команда мұндай жетістікпен мақтана алмайды. Онымен қоса, 4 кездесу бойы "Ювентус" "Миланды" жеңіп келген. Сондықтан бұл ойыннан күтетініміз туриндіктердің сенімді жеңісі. Ірі есеп тіркелсе де таңғалудың қажеті жоқ.
Екі команданың болжамды құрамдары:
Ювентус: Буффон-Падоин, Бонуччи, Кьеллини, Эвра-Пирло, Погба, Маркизио, Видаль-Льоренте, Тевес
Милан: Диего Лопес,-Дзаккардо, Алекс, Рами, Боккети-Эссьен, Поли, Мунтари-Хонда, Менез, Бонавентура
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Біздің серіктес: FONBET