«Аякс» командасының жартылай қорғаушысы Райан Гравенберх еуропалық алыптардың назарын аударды, деп хабарлайды Tuttosport.
Газеттің хабарлауынша, 18 жастағы футболшының қызметіне «Ювентус» пен «Барселона» қызығушылық танытуда. Екі клуб та Райанның командаға қосылып, құрамды жасартқанын қалайды және ол үшін бәсекеге түсуге дайын.
Бойы (190 см) мен ойын мәнеріне байланысты Гравенберхті «Манчестер Юнайтедтің» және Франция ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погбамен салыстырып, «жаңа Погба» деп атайды.
Гравенберх - "Аякс" клубының түлегі. Ол 2018 жылдан бері негізгі командада ойнап жүр. Осы маусымда ойыншы Голландия чемпионатының 4 матчына қатысты (барлығы - негізгі құрамда), ол нәтижелі әрекетпен көзге түспеді және 2 сары қағаз алды.
Біздің серіктес: FONBET