Жарнама
Жарнама

«Ювентус» Поль Погбаны қайтарып алғысы келеді

14.02.2020, 22:13
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Поль Погба жазда «Ювентуса» қайта оралуы мүмкін деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport газетінің журналисі Николо Скира Twitter парақшасында.

Оның мәліметінше,қазір «Ювентус» француздық ойыншыны сатып алу үшін жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, футболшыға «Реал Мадрид» пен ПСЖ қызығып отыр.

Ертеректе белгілі болғандай «Манчестер Юнайтед» Польды 140 миллион еуроға ғана сатуға ниетті екенін жеткізген. 2016 жылы оны 105 миллион еуроға сатып алып еді.

Биыл АПЛ-да 7 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берген. «МЮ» АПЛ-да 25 ойыннан кейін 35 ұпай жинап, 8-сатыда тұр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров