Жарнама
Жарнама

«Ювентус» ПСЖ футболшысын жалға алды

31.08.2022, 15:01
Маусым соңында туриндік клуб футболшыны 20 миллион еуроға сатып алады.
Жарнама
Жарнама

«Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Леандро Паредес мансабын «Ювентуста» жалғастырады, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, аргентиналық футболшы туриндік клубта жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. Маусым соңында «Ювентус» Паредесті 20 миллион еуроға сатып алады. ПСЖ Леандроның орнын «Валенсияның» жартылай қорғаушысы Карлос Солермен алмастырды.

Паредес - «Бока Хуниорстың» түлегі. Аргентиналық жартылай қорғаушы «Кьево», «Рома», «Эмполи» және «Зенит» клубтарында ойнаған. 2019 жылдың қаңтарында Паредесті ПСЖ 40 миллион еуроға сатып алды. Осы маусымда футболшы Франция чемпионатының үш матчына қатысып, бір нәтижелі пас берді. 2017 жылдан бастап Леандро Аргентина құрамасына шақыртылып жүр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров