Жарнама
Жарнама

«Ювентус» ПСЖ қорғаушысына көз тікті

25.09.2022, 23:38
Испаниялық футболшы негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алды.
Жарнама
Жарнама

ПСЖ клубының қорғаушысы Хуан Бернат мансабын Италияның А сериясында жалғастыруы мүмкін. Туриндік «Ювентус» 29 жастағы испаниялық ойыншыға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport басылымы.

Дереккөздің айтуынша, Бернат негізгі құрамдағы орнын жоғалтқандықтан, ПСЖ-дан кету мүмкіндігін қарастыруда.

«Ювентус» Бернаттан бөлек, «Тоттенхэм Хотспурдың» қорғаушысы Серхио Регилон мен «Бенфика» ойыншысы Алехандро Гримальдоны да бақылап отыр.

Еске салайық, Хуан Бернаттың ПСЖ-мен қазіргі келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 12 миллион еуроға бағалауда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров