Жарнама
Жарнама

«Ювентус» Роналдуды «Барселонаға» сатқысы келіп отыр

Туриндік «Ювентус» командасы Криштиану Роналдуды сатқысы келіп отыр.
Жарнама
Жарнама

Журналист Гильем Балагенің жазуынша, оған португалиялық шабуылшының жалақысы жоғары болуы себеп болып отыр. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Роналдудың агенті Жорже Мендеш португалиялық футболшыны бірнеше клубқа ұсынып көріпті. Оның қатарында "Барселона" да бар. 

"Ювентус" басшылары португалиялық футболшының агентіне Роналдуға жаңа команда табу туралы тапсырма берді. Соңғы уақытта шабуылшының "Реалға" ауысады деген талай ақпаратты көрдік. "Реал" болса бұл ақпараттардың барлығын жоққа шығарды. Сонымен қатар MLS-тен де ұсыныс болған. Бірақ бұл ұсыныс Роналдудың өзіне ұнамады. Оның жалақысы тым жоғары. Сол үшін "Ювентус" оны сатқысы келіп отыр. 

Роналдуды көп клубқа ұсынып көрді. Оның ішінде "Барселона" да бар. Оны тез сатып жіберу мүмкін емес. Себебі, жалақысы қатты жоғары. "Реалда" ол жылына 23 миллион тауып жүрді. "Ювентусте" де шамамен осындай ақша алды. Енді Роналдуға мұндай ақша кім төлей алады?", - деп жазды Балага твиттер парақшасында. 

Айта кетейік, Роналду 2003 және 2009 жылдар аралығында ағылшындық "Манчестер Юнайтед" командасының намысын қорғады. 2009 жыл мен 2018 жылдар арасында "Реал" сапында, ал 2018 жылдан бері "Ювентусте" ойнап келеді. Туриндік клубпен оның 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров