Жарнама
Жарнама

«Ювентус» «Селтик» шабуылшысына қызығушылық танытуда

24.12.2020, 03:27
Андреа Пирло командада Моратаға лайықты бәсекелес болғанын қалайды.
Жарнама
Жарнама

"Ювентус" клубы "Селтиктің" шабуылшысы Одсонн Эдуардоға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Calciomercato.

"Ювентустың" бас бапкері Андреа Пирло Альваро Моратамен шабуыл шебінде бәсекелес болу үшін осы ойыншымен келісімшарт жасағысы келетіні атап өтілді. Басылымның мәліметінше, "Ювентус" 22 жастағы шабуылшы үшін шамамен 15-20 миллион еуро төлеуге дайын. Туриндік клубтан басқа, "Милан" да Эдуардоны команда сапында көргісі келеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 22 желтоқсанда "Ювентус" өз алаңында "Фиорентинадан" жеңіліп қалды. Матчтан кейін Пирло командада дұрыс көзқарастың болмауынан ұтылғанын айтты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров