А сериясының 12-туры матчында "Ювентус" өз алаңында "Аталанта" командасымен ойнады. Кездесу Туриндегі "Альянц - Ювентус" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Twitter-де OptaPaolo хабарлағандай, "Ювентус" 1984/1985 жылғы маусымнан бері алғаш рет Италия чемпионатының бастапқы 12 турында алты рет тең ойнаған. Ол маусымның қорытындысы бойынша Туриндік клуб А сериясының турнир кестесінде алтыншы орынға ие болған екен.
"Ювентус" 24 ұпай жинап, Италия сериясының турнирлік кестесінде 3-орынға көтерілді. "Аталанта" (18 ұпай) - сегізінші орында.
Италия чемпионатының келесі турында "Ювентус" "Парма" командасымен кездеседі. Ойын Пармада "Эннио Тардини" стадионында 19 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45-те басталады.
Біздің серіктес: FONBET