Жарнама
Жарнама

«Ювентусты» еш қиындықсыз жеңген «Барселона» Гампер Кубогін иеленді

09.08.2021, 15:00
Каталондық клуб бұл кубокті 44-ші рет бастарынан жоғары көтерді.
Жарнама
Жарнама

Гампер Кубогі үшін болған ойында "Барселона" "Ювентустан" басым түсті. Кездесу Барселонадағы "Йохан Кройф Арена" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Осылайша, "Барселона" Гампер Кубогін 44-ші рет жеңіп алды.

Кездесудің 3 -ші минутында "Барселонаның" шабуылшысы Мемфис Депай есеп ашты. Екінші таймда Мартин Брейтуэйт каталондық клубтың есептегі басымдығын арттырды. Ал үшінші голды Рики Пуч соқты. "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға негізгі құрамда шығып, үзілістен кейін орнын Деян Кулушевскиге босатып берді.

Жоан Гампер Кубогі - "Барселона" жыл сайын ұйымдастыратын жолдастық турнир. Турнир 1966 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров