Соңғы ақпараттарға сәйкес, "Бешикташ" командасында құрамды түбегейлі жаңарту жоспарда бар. БАҚ-тағы мәліметтер бойынша, клубтан кем дегенде 6 ойыншы кетуі ықтимал, әрі бұл толық тізім емес.
Кететіндер тізімінің басында Чиро Иммобиле, Артур Масуаку, Алекс Окслейд-Чемберлен, Жоао Марио, Бахтиёр Зайнутдинов және Онур Булут бар.
Келесі жеті матч "Бешикташ” ойыншылары үшін шешуші кезең болмақ. Дәл осы кезеңде олардың болашағы анықталады: кім жақсы ойын көрсетсе – командада қалу мүмкіндігіне ие болады, ал қалғандары клубтағы құрылымдық өзгерістер аясында командадан кетеді.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET