“Бешикташ” ФК баспасөз-қызметі отандасымыздың команда жаттығуы барысында жарақат алып қалғанын хабарлады.
Бақтиер клубтың кезекті жаттығуы барысында сол жақ санының ауырып тұрғанын айтып, дәрігерлерге шағымданған. Медициналық тексерістен кейін жартылай қорғаушының аяғында ісік пайда болғаны анықталды. Қазіргі сәтте “Бешикташ” клубының дәрігерлері Зайнутдиновты қайта қатарға қосу үшін ем-шараларды бастап кетті.
Осылайша, отандасымыз “Анкарагюджюге” қарсы Түркия Суперлигасының 33-тур кездесуін өткізіп алады.
Біздің серіктес: FONBET