Түркиялық менеджер Жейлан Шалышқан Бахтиер Зайнутдиновтің ресейлік клубтарға жүзеге аспай қалған трансфері туралы айтты.
«Бахтиер Зайнутдиновке байланысты ұсынысты Ресейден алып келген мен едім. Өзімнің футболшыма Ресейден 7 миллион еуро көлеміндегі ұсынысты әкелдім, бірақ ол: «Мен онсыз да Ресейден келдім. Келесі жылы Еуропаға кеткім келеді, сондықтан бұл ұсынысты қабылдай алмаймын», - деген болатын. Мен әрине, бұл трансфердің жүзеге асуын қаладым, себебі, ол «Бешикташқа» да, футболшының өзіне де пайдалы болар еді. Бахтиер Ресейге кетсе деп едім», - деген болатын Ж.Шалышқан.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» былтыр тамызда «ЦСКАДАН» ауысып барған болатын. Түркиялық топ-клуб қазақстандық футболшы үшін 4,5 миллион еуро төледі.
Біздің серіктес: FONBET