Жарнама
Жарнама

Зайнутдинов наурыздағы екі матчта өнер көрсетпейді

14.03.2025, 13:30

Қазақстан құрамасы мен «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында болатын матчтарға қатыса алмайды.

Зайнутдинов наурыздағы екі матчта өнер көрсетпейді
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы танымал журналис Владимир Жарков өзінің Telegram-арнасында мәлімдеген еді. Қазақстан құрамасының көшбасшысы наурыз айына жоспарланған ойындарында құрамаға көмектесе алмайды. Бахтиер Зайнутдинов соңғы екі ай бойы жарақатын емдеуде. Тараз футболының түлегі «Бешикташ» сапында да алаңға шығып жүрген жоқ. Біраз БАҚ өкілдері оның жарақатынан айыққанын, бірақ толық қалыпқа келіп үлгермегенін жазған болатын.

Естеріңізге саламыз, Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан Әлем біріншілігіне іріктеу аясында сырт алаңда Уэльс құрамасымен (22 наурыз) және Лихтенштейн (25 наурыз) құрамаларымен кездесу өткізеді. J тобында сондай-ақ, Бельгия мен Солтүстік Македония командалары да бақ сынайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров