Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бүгін команда сапына келіп қосылады. Ол жайында ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Игорь Авдеев мәлімдеді.
Баспасөз беттерінде оның виза мәселесін дер кезінде шеше алмағаны жазылған еді. Футболшының жеке төлқұжаты осыған дейін өзге визалық орталықта болғандығына байланысты Финляндияға құжаттарды кеш тапсырды.
Дегенімен, жартылай қорғаушы Финляндия аумағына енуге рұқсат алып, құраманың ойындарына қатыса алатындай жағдайға ие болды. Ол бүгін бас команда сапына келіп қосылуы тиіс. Демек, Зайнутдинов Боснияға қарсы матчта құрамаға көмектесе алады деген сөз.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бүгін Финляндиямен ойнағаннан кейін, 7 қыркүйек күні Босния командасына қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET