Мәскеулік ЦСКА Ресей Премьер-лигасының 19-турында «Спартакты» 2:0 есебімен ұтты.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамнан бастап, 56-минутта Хесус Мединаның орнына алаңға шықты. 79-минутта футболшы айып алаңының сыртынан сол жақ бұрышқа дәл соққы жасап, командасының осы матчтағы екінші голын соқты.
Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының ағымдағы маусымында 14 матчқа қатысып, 2 гол соқты.
Осы жеңістен кейін ЦСКА турнирлік кестесде «Сочиден» 1 ұпай ғана артта қалып, төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET