Зайнутдиновтің агенті: Баха РПЛ-ге қайтпайды

04.04.2024, 16:44

"Бешикташтың" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің агенті футболшының "Спартак" пен "Краснодарға" ауысу мүмкіндігі туралы ойын айтты.

Қазақстан Ұлттық құрама командасының футболшысының мүддесін қорғайтын Евгений Новиков бұл мәселеге қатысты былай деген болатын: - Біз "ЦСКА"-дан бір жылдан кейін қайтып Ресейге оралу үшін кеткен жоқпыз. Баха Еуропада доп тебуді армандайды." Спартак" не "Краснодар" тарапынан тікелей қызығушылық болмаған. Бұл, 2-ші сәуірдің қалжыңы сияқты". 
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов өткен жазда "ЦСКА" сапынан "Бешикташқа" ауысқан. Футболшы мен клубтың келсімі 2027 жылдың жазына дейін.