Жарнама
Жарнама

Зайнутдиновтің голы ЦСКА-ны жеңілістен құтқармады

07.11.2021, 15:17
Қазақстандық футболшы баспен гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Мәскеулік ЦСКА Ресей Премьер-лигасының 14-туры аясында өз алаңында "Сочиден" 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді. Ол 57-минутта көзге түсіп, командасының бұл кездесудегі жалғыз голын соқты.

Осы маусымда Бақтиер мәскеулік клуб үшін барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, 3 гол соқты.

14 турдан кейін ЦСКА Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров