Зайнутдиновтың “Бешикташы” өз ойыншысына байланысты шешім қабылдады

“Бешикташ” шабуылшы Анте Ребичпен қоштасуға асық. 

Тағы бір жыл командада қалуы тиіс хорват команданың жаттығуларынан шеттетілді. Джовенни ван Бронкхорст бұл ойыншыны керек қылып отырған жоқ. Сол себептен түрік ұжымының басшылығы кез-келген түскен ұсынысқа “иә” деп жауап беретіндей жағдайда. Онымен қоса, Ребич командада 2,5 млн еуро жалақы алады. Ал бұл ақшаға Антеден нәтижелі футболшыларды қосуға болады.

Хорват “Бешикташ” сапында жалпы алғанда 23 кездесу өткізіп, тек 1 голмен шектелді. Ол өзінің қазіргі командасында Түркия Кубогының жеңімпазы атанған. 

Еске салсақ, қырандар сапында отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Отандасымыздың “Бешикташтан” кетуідегі пайыздық мөлшері жоғары. 

Материалда: