Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» Еуропа Лигасындағы келесі кездесуінде бой көрсетіп қалуы ықтимал.
Стамбулдық команда 12-нен 13-не қараған түні сырт алаңда «Буде-Глимтпен» жолығады. Норвегияда өтетін матч біздің уақытпен 01:00-де басталады.
Джованни ван Бронкхорсттың орнын Сердар Топрактепе басқалы отандасымыз алаңнан жиі көрінетін болып жүр. Мәселен, Бахтиер Түрік суперлигасының соңғы екі турында қатарынан алаңға шықты. Мейлі негізгі құрамда болмаса да, өзінің уақытын ақырындап болсын ала бастағаны көңіл қуантады. Өткенде 20 минут ойнап шықса, келесі жолы бір таймды толық жүгіреді деп сенеміз.
Сонымен, Зайнутдинов Еурододалар аясындағы матчта соңғы рет тура бір жыл бұрын доп теуіпті: 14-желтоқсанда сырт алаңда швейцарияның «Луганосын» ұтатын матчта толық тоқсан минут ойнаған еді (2:0). Енді «Буде-Глимтке» қарсы кездесуде Сердар Топрактепе сенім артып қалуы мүмкін.
Стамбулдық команда ЕЛ-нің бес турынан кейін 6 ұпаймен 22-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET