«Бешикташтың» бұрынғы бас хатшысы Каан Шакул Бахтиер Зайнутдинов пен Жедсон Фернандештің «Зенитке» ауыспауының негізгі себебін айтты.
«Біз Зайнутдинов пен Фернандештің трансфері жайында келісімге келдік. Бастапқыда 32 миллион еуро алғымыз келген, алайда, 27 миллионға келістік. Бірақ, біздің кейін Жедсонның құнын түсіреді, себебі, оның 50 пайыз құқығы «Бенфикаға» тиесілі болғандықтан көбірек ақша алуды көздейтіндігіміз жайлы ақпарат шықты.
«Зенитте» мұны байқап: «Кешіріңіздер» деді. Олар бұл жаңалықты шынайы қабылдады. Біз маусымды екі трансферден бастауды жоспарладық. Жай біліп жүріңіздер», - деді Каан Шакул HT Spor-ға берген сұқбатында.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» ЦСКА-дан 2023-жылы ауысты. Трансфер құны 4,5 миллион еуро болды.
Біздің серіктес: FONBET