"Динамо" командасының жас жұлдызы ресейлік паспорттан бас тартуы мүмкін.
21 жастағы Ульви Бабаев Әзербайжан азаматтығын алуды көздеп отыр екен. Мәскеу командасының ойыншысы қазіргі уақытта аталған елдің футбол Федерациясымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Егерде Бабаев азаматтығын ауыстыратын болса, онда ол Ресей ұжымында өнер көрсете алмайды. Және ішкі чемпионатта легионер есебінде саналады.
Еске салсақ, осыдан бірнеше күндер бұрын Ульви “Крылья Советов” қақпасына хэт-трик жасап, өз есімін футбол фанаттарының есіне бәр салып қойған болатын.
Айта кетейік, аталған кездесуде отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты қатыса алмады.
Біздің серіктес: FONBET