Бүгін Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Ред Булл Зальцбург» клубы мен «Бавария» арасындағы алғашқы ойын аяқталды. Кездесу Зальцбургтегі (Австрия) «Ред Булл Арена» (Вальс-Зиценхайм) стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
21-минутта австриялық ойыншы Чуквубуйке Адаму есеп ашты. Ал 90-минутта мюнхендік клубтың жартылай қорғаушысы Кингсли Коман мергендік танытып, командасын жеңілістен құтқарды.
Параллель өткен матчта «Интер» «Ливерпульді» қабылдады. Миландағы (Италия) «Сан-Сиро» (Джузеппе Меацца) стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен англиялық клубтың пайдасына аяқталды.
Кездесудің 75-минутында «Ливерпульдің» бразилиялық шабуылшысы Роберто Фирмино Эндрю Робертсонның пасынан кейін командасын алға шығарды. Араға 8 минут салып «Ливерпульдің» мысырлық шабуылшысы Мохамед Салах есепті еселеді.
Айта кетейік, командалар арасындағы жауапты кездесу 8 наурызға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET