Жарнама
Жарнама

Зарандия: «Тобыл» үштікте болады

12.05.2020, 03:19
«Тобыл» футболшысы Лука Зарандия «Оертайм» бағдарламасына сұқбат берген еді. Соның жазбаша нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
Жарнама
Жарнама

«Тобыл» жаңа маусымға дайындығын бастаған тұста Грузия құрамасының ойыншысы Лука Зарандиямен келісімге отырды. Жасы 24-те болса да Лука осы кезге дейін Польша, Бельгия, Грузия біріншіліктерінің дәмін татып үлгеріпті. Енді Гүржістанның оғланы Қазақ даласынан бақытын іздеп көрмек. «Тобылға» келісімен оған Қостанайдың қытымыр аязы ұнамапты.

Лука ЗАРАНДИЯ, «Тобыл» ФК жартылай қорғаушысы:

- Бастапқыда күн суық болды. Қазір жағдай оңалды. Менің тереземнен жақсы көрініс ашылады. Сондықтан қазіргі жағдайыма дән ризамын. Дегенімен, күннің аязында далада емес, жабық кешеннің ішінде ойнағанымыз көңілімді жылытты.

«Тобыл» биыл да медальге таласары анық. Клуб сол үшін Зарандияны алып күшейіп отыр. Григорий Бабаян үнемі сапалы футболшыларды алғысы келеді. Бапкердің де сенімін ақтау Лука үшін оңай соқпас.

- Қазір футбол жайлы ойлаудың өзі қиын болып кетті. Біріншілік қайта жалғасса жүлдеге қол созамыз. Алғашқы үштікке енуіміз керек.

Әр футболшы үшін кәсіпқой тұрғыда қойылған мақсат бар. Кейбіреулер бүкіл қарымын бір ғана клубқа арнап жатады. Ал біреулер Чемпиондар лигасына қатысуды көздейді. Ал Лука футбода нені армандауы мүмкін?

- Әр футболшының өз арманы бар. Көбісінде ТОП 5 біріншілігінде доп тебу негізгі мақсат. Егер мен сол аталған біріншіліктердің бірінде өнер көрсетсем онда футболдағы арманыма қол жеткіздім деген сөз. Сосын Грузия құрамасымен бір жетістікке жетсем жарар еді.

Зарандияның «Тобылдағы» болашағы бұлыңғырлау десек артық емес. Себебі, легионермен клуб арасындағы келісім небәрі жарты жылға ғана жазылды. Шілдеде Лука «Зюльте Варегем» клубына қайтуы тиіс. Келісімнің одан әрі ұзартылуы әзірге белгісіз болып тұр. Ал Луканың «Тобылға» ауысуына екі адам әсер еткен секілді. Өйткені, мұнда оның отандастары Джаба Канкава мен Ника Квеквескири бар.

- Бірінші кезекте маған бапкер хабарласты. Сосын Никамен көп сөйлесе бастадым. Тіпті әр күн сайын хабарласып тұрдым десем де болады. Әлбетте Джаба мен Ника секілді азаматтармен бір командада болу мен үшін зор абырой. Бірі 16 жасынан бастап құрамада капитан болса, екіншісі қазір сол қызметті абыроймен алып жүр. Ника ендігі Грузия сапында 25 ойын өткізіп үлгерген.

Зарандия 24 жаста біраз белесті бағындырды. Әлі де алар асуы көп. Биылғы біріншілікте ол бір голдың авторы болып та үлгерді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров