"Эмирейтс" стадионында өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалының жауаптық кездесуінде Англиялық "Арсенал" Испаниялық "Атлетико Мадридді" 1:0 ұтып, жалпы нәтиже бойынша 2:1 есебімен Будапештте өтетін ақтық матчқа жолдама алды.
Матчтан кейінгі стаистикалық мәліметтер;
Чемпиондар лигасының бір маусымында 14 және одан да көп ойын өткізген 44 жағдайдың ішінде "Арсенал" — алғашқы 14 матчта бірде-бір рет жеңілмеген жалғыз команда болды.
"Арсенал” бір маусымдағы жеңістер саны бойынша клубтық рекордты қайталады (барлық турнирлерде 41 жеңіс). Бұған дейін олар 1970/71 жылғы маусымда 41 рет жеңіске жеткен болатын.
"Арсенал” 2006 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. Бұл — 2014 жылғы "Атлетико Мадридтен" (40 жыл) кейінгі Еуропа кубогы/ЧЛ финалдары арасындағы ең ұзақ үзіліс және 2005 жылғы "Ливерпульден" (20 жыл) кейінгі Ағылшын клубтары арасындағы ең ұзақ күту кезеңі.
"Арсенал” 2020/21 маусымындағы "Челсидің" (9) жетістігін қайталап, бір маусымда 9 ойын бойы қақпасына гол өткізбеген алғашқы клуб атанды.
"Арсенал" Чемпиондар лигасындағы соңғы 14 ойында жеңілген жоқ, бұл — клуб тарихындағы ең үздік көрсеткіш.
"Арсенал” Чемпиондар лигасының финалына бірнеше рет шыққан алтыншы Ағылшын клубы атанды (2006 жылдан кейін). Бұған дейін бұл белесті "Ливерпуль" (10 рет), "Манчестер Юнайтед" (5), "Челси" (3), "Ноттингем Форест" (2) және "Манчестер Сити” (2) бағындырған.
Букайо Сака — Чемпиондар лигасының екі түрлі жартылай финалында гол соққан алғашқы "Арсенал" ойыншысы. Ол "Париж Сен-Жермен" және "Атлетико Мадрид” қақпасына гол салды. "Эмирейтс” стадионында ол ЧЛ-ның 14 матчында 14 нәтижелі іс-әрекетпен (9 гол, 5 нәтижелі пас) көзге түсті.
"Атлетико Мадрид” биылғы маусымда барлық турнирлерді қосқанда 74 гол жіберіп алды. Бұл — Диего Симеоне баптаған уақыттан бергі команданың бір маусымдағы ең нашар көрсеткіші.
Қоса кетсек, “Арсенал” қақпасына осы маусымның Чемпиондар лигасында ең көп доп кіргізген команда Алматылық “Қайрат”. “Зеңбірекшілер” барлығы 6 рет гол өткізіп алған болса оның екеуін Қазақстандықтар (Эмирейтста) соққан. (“Байер” 1, “Атлетико” 1, “Байерн” 1, “Интер” 1)
Біздің серіктес: FONBET