«Зенит» Бахтиер Зайнутдиновпен келісіп қойды ма?

13.06.2024, 12:03

«Haber Kartalı» сайтының мәліметіне сенсек, «Зенит» Бахтиер Зайнутдинов пен Жедсон Фернандештің трансферін келісіп қойған. Санкт-Петерборлық клуб қос ойыншыға 24 миллион еуро төлейді делінген.

Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов былтыр жазда «Бешикташқа» ауысқан болатын. Түркиялық клуб қазақстандық жартылай қорғаушы үшін мәскеулік «ЦСКАҒА» 4,5 миллион еуро төлеген. Футболшы мен клубтың келісімі 2027 жылдың жазына дейін.