“Зенит” клубының бас бапкері Сергей Семак Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің қазіргі жағдайы туралы жанкүйерлерге жағымды жаңалықпен бөлісті.
Швейцарияның “Сьон” клубына қарсы өткен жолдастық матчтың құрамында Нұралы да, шабуылшы Александр Соболев те болмаған еді. Осыған байланысты журналистер қос ойыншының жағдайын нақтылауды сұрады.
“Нұралы Әліп бүгінгі жаттығуға толыққанды қатысып жатыр. Демек, ол өз қалпына келе бастады деген сөз. Оның жағдайын мұқият бақылап отырмыз. Дене дайындығы жаман емес, алдағы күндері негізгі құрамға қосылады деп сенеміз.” – деді Семак.
Сонымен қатар бапкер Александр Соболевтің де тез арада негізгі құраммен жаттығуға қосылатынын атап өтті.
“Саша да жақын күндері жалпы топқа оралады. Оның да қалпы жаман емес. Дәрігерлер рұқсат берген бойда оны да алаңға шығару жоспарда бар.”
Біздің серіктес: FONBET